Адамзаттың дамуы энергия ресурстарын тұтынумен тығыз байланысты. Энергия көздерін ұтымды пайдалану әлемдік ушығу қарқыны жоғары мәселелердің біріне айналуда. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның соңғы 5 жыл кезеңінде электр энергиясын өндіру және тұтыну көлемінің динамикасын талдап, 2018-2024 жылдардың статистикалық мәліметтері негізінде уақыт қатарлары моделін жасау. Талдау қарапайым статистикалық процедураны қолдана отырып, электр энергиясын пайдалану қарқындылығындағы өзгерістердің маңыздылығын зерттейді. Мақалада «KEGOC» АҚ-ның деректері бойынша еліміздің электр энергиясын тұтыну, жеткізу аймақтарының көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, электр энергиясын тұтыну кезеңінде орын алған артықшылық және тапшылық мәселелеріне шолу жасалынады. Біртұтас электр энергиясы жүйесінің ағымдағы өзекті мәселелері қарастырылып, атқарылып жатқан іс-шараларға назар аударылады. Қазіргі таңда, елімізде электр энергиясын өндіру, тұтыну 3 аймаққа бөлініп қарастырылады. Олар: Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақ. Аймақтардың ерекшеліктеріне қарай энергияны жеткізу және пайдалану бірыңғай емес. Мақалада әр аймақтардың электр энергия тораптары бойынша қуатты өндіруге байланысты талдаулар көрсетіледі. Уақыт қатарларына негізделген мультипликативті модельдің 2025 жылға арналған болжамды мәндері ҚР Энергетика Министрлігімен бекітілген болжамды мәндермен салыстырылады. Болжамды модельге байланысты ұсыныстар легін топшалау және электр энергетика саласын жетілдіру бойынша жақсарту шаралары негізделеді.
No takes yet. Share an insight, caveat, or question.
Өміртай et al. (2025) studied this question.
Synapse has enriched 5 related papers. Consider them for comparative context: