Answers are grounded in this paper and cite their sources.
Review of mechanosynthesis and spark plasma sintering in creating shape memory alloys, highlighting structural and mechanical properties.
Мақала Ni-Ti-Cu жүйесіне негізделген пішінді есте сақтау қабілеті бар (SMA) қорытпаларды алу үшін қолданылатын механосинтез және ұшқынды плазмалық қақтау (SPS) сияқты ұнтақты металлургияның заманауи әдістерін қарастыратын қысқаша шолу болып табылады. Пішінді есте сақтау қабілеті бар қорытпалар медицинадан аэроғарыш өнеркәсібіне дейін көптеген салаларда кеңінен қолданылады, өйткені олардың форманың серпімділігі мен пішінді есте сақтауы сияқты ерекше қасиеттері бар. Дәл осы бірегей SMA қасиеттері оларды алудың жаңа әдістерін, мысалы, ұшқынды плазмалық қақтау әдісін дамытуға қызығушылықты арттырады. NiTiCu қорытпаларының құрылымдық, механикалық және функционалдық сипаттамалары, сондай-ақ олардың басқа SMA-дан артықшылықтарына ерекше назар аударылады. Жұмыста механосинтез кезеңдері, соның ішінде бастапқы ұнтақтарды таңдау, оларды механикалық активтеу және кейінгі өңдеу толықтай сипатталған. Алынған материалдардың жоғары тығыздығы мен біркелкілігін қамтамасыз ететін ұшқынды плазмалық қақтау процесі де қарастырылады. Өңдеу параметрлерінің қорытпалардың микроқұрылымына, сондай-ақ олардың фазалық түрленуіне және механикалық қасиеттеріне әсеріне ерекше назар аударылады. Әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ қорытпалардың соңғы сипаттамаларына әсері талданады. Мақалада осы бағытты одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ SPS көмегімен олардың синтездеу үрдістерін жетілдіру және пішінді есте сақтайтын жаңа қорытпаларды әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу талқыланады. Мақала жақсартылған қасиеттері мен кең қолдану мүмкіндіктері бар жаңа функционалды материалдарды жасау саласындағы болашақ әзірлемелерге негіз болады. Бұл материал ұнтақты металлургия, материалтану және пішінді есте сақтау қабілеті бар қорытпалар мәселелеріне қызығушылық танытатын оқытушыларға, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге пайдалы болады.
No takes yet. Share an insight, caveat, or question.
Sagymbekova et al. (2025) studied this question.
Synapse has enriched 10 related papers. Consider them for comparative context: